Фото: hcbarys.kz
Астаналық клуб америкалық қорғаушы Райли Уолшпен келісімшартты ресми түрде 2027 жылдың 31 мамырына дейін ұзартты. «Барыстың» үздік қорғаушысы Астанада тағы бір жыл көлемінде жүретін болды. Уолш Қазақстанда небәрі бір маусым өткізсе де, осы уақыт ішінде команданың негізгі көшбасшыларының біріне және жанкүйерлердің сүйікті ойыншысына айналып үлгерді.
Америкалық хоккейші ҚХЛ чемпионатында 68 матч өткізіп, 46 ұпай жинады. 16 гол соғып, 30 нәтижелі пас шығарған.
Нәтижесінде қорғаушы «Барыстың» ең үздік сұрмерген-қорғаушысы атанып қана қоймай, бүкіл лигадағы ең нәтижелі бес қорғаушының қатарына енді.
Сонымен қатар дәл Уолш астаналық клуб сапында мұз айдынында ең көп уақыт өткізген ойыншы болды. Ол орта есеппен бір матчта 22 минут ойнаған.
Ал ойыншының айлық жалақысана келетін болсақ, ресейлік спорт сарапшысы Михаил Зислистің мәлімет бойынша қорғаушының бір маусымдағы жалақысы 45 млн рубльді құрайды. Біздің валютаға айналдырғанда бұл шамамен 297 млн теңге. Алайда «Барыс» клубы ойыншылардың жалақысы туралы тіс жармайды.
Айта кетейік, Өткен маусымда «Барыс» чемпионат кестесінде 10-шы орында тұрақтады. Команда 68 матчта 54 ұпай жинағанымен, бұл көрсеткіш оларды плей-офф кезеңіне шығарған жоқ. Астаналық клуб маусым барысында 154 шайба соқса, өз қақпасына 208 шайба жіберіп алды.